БҚИТУ Білім және менеджмент институтының Қаржы және экономика кафедрасы қала және облыс орта мектептерінің оқушыларымен жүйелі түрде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.
2024 жылғы 25 қаңтарда Қаржы және экономика кафедрасының аға оқытушылары Л.В. Федорченко мен Р. С. Ислямов №7 ЖОББМ-де болып, бітіруші сынып оқушыларымен кездесті. Бұл мектепті бітірушілердің жалпы саны – 106 адам. Кездесу барысында оқушыларға ЖОО-ның тарихы, оның бәсекелестік артықшылықтары айтылды, институтта қолданылатын заманауи білім беру технологиялары, оқуға түсу және оқу шарттары ұсынылды, жарнамалық парақтар таратылды.
Талапкерлерді тарту үшін институттың білім беру бағдарламаларына сипаттама берілді.
Түлектер бұл ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, жарнамалық парақтарды қарап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
