2024 жылдың 25 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Білім және менеджмент институтының “Шетел тілдер және аударма ісі” кафедрасының аға оқытушысы Самиғолла Нұржарқын Айболатқызы Орал қаласының мектепаралық ағылшын тілі апталығына орай  №42 Ақниет гимназиясында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сабақ 10-сынып оқушыларымен  «Қорқыныш және фобия»  тақырыбында өтті. Бұл сабақтың мақсаты оқушыларға қорқынышқа қатысты терминдерді түсінуге және фобиядан арылу жолдарын табуға көмектесу болды. Оқушылар: 1-топта фобиясы бар оқушылар, 2-топта психологтар, 3-топта психотерапевтер және 4-топта ата-аналар болып топтарға бөлінді. Осы топтарда бірлесе жұмыс істей отырып, оқушылар мәселелерді анықтап, ықтимал шешімдерді таба білді. Сонымен қатар, сабақ барысында Нұржарқын Айболатқызы ағылшын тілін оқытудың әдістерімен тәжірибеде бөлісіп, Blooket.com қосымшасының қолдану ерекшелігін көрсетті. Бұл семинар дуальді білім беру бағдарламасына сай жоғары оқу орындары мен мектептердің ынтымақтастығын, оқытушылардың тәжірибе алмасуын арттыру мақсатында өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz