2024 жылғы 10 желтоқсанда салалық технологиялар институтының Кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің мамандары және Көлік және технология кафедрасының аға оқытушысы К.Ж. Губайдуллин № 34 ЖОББМ және Бәйтерек ауданының Мичурин жалпы білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында бөлім мамандары салалық технологиялар институты бойынша білім беру бағдарламалары туралы және университетке түсу ережелері туралы оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында білім алушылар сұрақтар қойып, барлық сұрақтарға жауап алды.

