13 желтоқсанда педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының оқытушысы А. Т. Тасқалиевтың 6В07302 «Құрылыс» мамандығына «Бетон бұйымдарын сығуға беріктігін анықтау» тақырыбында «Бетон технологиясы» пәні бойынша БББ мастер-класс өткізді.
Мастер-класстың мақсаты: гидравликалық шағын габаритті ПГМ-50МГ4 прессін пайдалана отырып, бетон бұйымдарының қысу беріктігін анықтау.
Мастер – класс міндеттері:
– бетон бұйымдарын сығымдау беріктігінің мәнін зерттеу-темірбетон ғимараттар мен құрылыстарды жобалау кезінде ескерілетін маңызды сипаттамалардың бірі;
– бетон бұйымдары қасиеттерінің беріктік көрсеткіштерімен «М» маркасымен және «В» бетон класымен танысу;
– бетонның беріктігін анықтау әдістерімен, тікелей және жанама тәсілдермен орындалатын бұзатын және бұзбайтын топтармен танысу;
– ПГМ-50МГ4 прессін қолдана отырып, бетонның текше беріктігін анықтау.