Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің айтуынша, Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын синхрондауға ерекше назар аударылатын болады.
Қазақстан Республикасы колледждерінің түлектері жоғары білім алу үшін жеделдетілген курс бойынша оқуын жалғастыра алады.
ЖОО-дар мен серіктес колледждердің интеграцияланған білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеуі және оларды кейіннен іске асыру ЖОО-лардағы жоғары білім беру колледж студенттері үшін қолайлы әрі оңтайлы болмақ.
2024 жылғы 12 желтоқсанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі (Чапаев ауылы) арасында мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімі Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінде және Ақжайық ауданының жалпы білім беретін мектептерінде (Чапаев ауылы) кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.



