2025 жылдың 13 ақпанында А. Иманов атындағы жол-көлік колледжінде “Көлік және технология” кафедрасының аға оқытушысы Д. Ж. Гумаровтың қатысуымен білім алушылармен кездесу өткізілді, Дастан Жексенғалиұлы білім алушыларды «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» және «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» кафедрасының білім беру бағдарламаларымен таныстырды, онда барлық сұрақтарға жауап берді.
Кездесудің мақсаты жеке тұлғаның жеке сипаттамалары мен еңбек нарығындағы мүмкіндіктер арасындағы оңтайлы салыстыруды іздеу.
Негізгі міндет – талапкерлерді кафедраның бағыттары мен білім беру бағдарламалары, жұмысқа орналасу және қосымша кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету.
Тәжірибе көрсеткендей, мұндай кездесулер болашақта мамандық таңдауға оң әсер етеді.