2025–2026 оқу жылының 2-семестрінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің білім және менеджмент институтында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей Федерациясы Самара қаласындағы Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің логопедия, арнайы педагогика және арнайы психология кафедрасының меңгерушісі Е.А. Чаладзе 6В01101 – Педагогика және психология, 6В03101 – Психология, 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі, 7М01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттарына арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелеріне арналған бірқатар дәрістер өткізілді.

Дәріс барысында барысында келесі тақырыптар қарастырылды: аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалардың психофизикалық даму ерекшеліктері және оларды кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеуде баламалы және қосымша коммуникация (БҚК) мүмкіндіктері; бастауыш сынып оқушыларындағы жазбаша сөйлеу бұзылыстарының табиғатына заманауи көзқарас; «Ми оқуға қалай көмектеседі немесе кедергі келтіреді?» атты нейропсихологиялық шеберлік сыныбы. Шеберлік сыныбы барысында студенттер практикалық жаттығуларды меңгеріп, диагностикалық жұмыс дағдыларын жетілдірді.

Аталған іс-шара академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, жоғары оқу орындары арасындағы озық тәжірибелермен алмасуға бағытталды. Елена Автандиловна Чаладзенің сапары Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz