2024-2025 оқу жылында кәсіптік бағдар беру жұмысы мынадай міндеттерді шешуге бағытталған: колледж білім алушыларының университет мамандықтары туралы хабардар болу деңгейін арттыру, университеттің оң имиджін қалыптастыру, университеттің білім беру қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білікті кадрларды даярлау, саналы кәсіби өзін-өзі анықтау және жеке тұлғаның қабілеттерін ашу үшін жағдайлар жасау.
2024 жылғы 02 қазанда Орал ақпараттық технологиялар колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімімен, салалық технологиялар институтының барлық білім беру бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде колледж білім алушыларының ішкі шығармашылық әлеуеті мен жеке мүмкіндіктерін дамыту жүзеге асырылады.
Өскелең ұрпақты қоғам игілігі үшін жасампаз еңбекке дайындау – мемлекеттің бүкіл білім беру жүйесінің маңызды міндеті.


