2024 жылғы 27 қыркүйекте Astana Hub Өңірлік даму кеңсесінің бас менеджері Мунира Тәуекелова білім алушылар алдында сөз сөйлеп, ұйымның миссиясы мен қызметі туралы айтып берді. Ол Astana Hub AI Movement-ті дамыта отырып және IT-индустриядағы мүмкіндіктер туралы хабардарлықты арттыра отырып, Қазақстан өңірлерінде AI-трансформацияны жүзеге асыруға ұмтылатынын атап өтті.

Мунира Astana Hub — тың негізгі мақсаты-IT және AI саласындағы дағдыларды оқыту және дамыту, сондай-ақ мамандардың құзыреттерін арттыру екенін түсіндірді. Ол Startup Academy, No Code School, Low Code School және Freelance School сияқты әртүрлі бағдарламаларын сипаттады, олар жастарға технологиядағы табысты мансап үшін қажетті дағдыларды үйренуге көмектеседі.

Ол осы бағдарламалардың барлығы дағдыларды дамытуға, стартаптарды қолдауға және мамандардың жаңа буынын даярлауға бағытталғанына назар аударды, бұл Қазақстанда табысты AI-трансформацияға ықпал етеді.

Мунира Astana Hub Қазақстанның технологиялар мен инновациялар саласында өңірлік көшбасшы болуы үшін белсенді жұмыс істеп, жастарға өз идеяларын жүзеге асыруға және жаңа биіктерге жетуге көмектесетінін атап өтті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz