Бүгін, 21 қараша күні, Салалық технологиялар институтында қазақ бөлімінің 1-курс студенттерімен «Қазіргі қоғамның психологиялық-адамгершілік ахуалы» тақырыбында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР білім беру саласының үздігі, «Парасат» орденінің иегері Дариға Ғазезқызы Мұштанованың қонақ дәрісі өтті.

Дәріс барысында ақын, қоғам қайраткері Д.Мұштанова қоғамымыздағы жастардың, болашақ жас мамандардың, ролі туралы терең де өзекті мәселелерді қозғады.

Білім алушыларды өзінің шығармашылық еңбектерімен (кітаптарымен) таныстырды.

Дәріс өте мазмұнды да тартымды өтті.

Соңында дәріс қонағы студенттердің сұрақтарына толық жауап берді.

Дәріс қонағына құрмет ретінде өнерпаз жастар Құрманғазының күйлерінен тарту жасады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz