Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының 6В02301 – Аударма ісі және 6В01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламаларының 1-курс білім алушыларына «Құмар ойын – заңсыздықтың бастауы» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

Эдвайзерлік сағат барысында құмар ойындардың жеке тұлғаға, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Құмар ойынға тәуелділіктің қаржылық қиындықтарға, психологиялық күйзеліске және заңсыз әрекеттерге алып келуі мүмкін екендігіне ерекше назар аударылды.

Тақырыптың өзектілігін ашу мақсатында дайындалған презентациялық және бейнематериалдар ұсынылып, статистикалық деректер мен нақты мысалдар арқылы мәселенің маңыздылығы көрсетілді. Сонымен қатар білім алушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, құмар ойындардың алдын алу жолдары талқыланды. Білім алушылар өз ойларын ортаға салып, тақырыпқа белсенді қатысу арқылы өз көзқарастарын білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz