2024 жылы 22 қараша күні, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының 6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 4 курс студенттері,аға оқытушы Габдрахим Л.Р. жетекшілігімен Орал қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Экскурсияның негізгі мақсаты – студенттерді туған өлкенің тарихын зерттеу арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Мұражайға бару – студенттердің туған өлкенің бай тарихы мен мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Студенттер қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен және мәдениетімен қызығушылықпен танысты. Экскурсия барысында студенттер, Батыс Қазақстан өңірімен, өмірі мен шығармашылығы тығыз байланысты көптеген көрнекті жазушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері туралы білді.
Ерекше назарды аймақтың қазіргі заманғы өнеркәсіптік, өндірістік және зияткерлік дамуының жетістіктеріне арналған экспозициялар ерекше назар аударады. Бұл студенттерге аймақтың даму ауқымы мен болашағын бағалауға мүмкіндік береді.
Экскурсия танымдық әрі шабыттандыра отырып, студенттерге жарқын әсер қалдырды. Сондай-ақ, олардың туған өлкенің тарихи және мәдени мұрасын оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттырды.