2024 жылдың 11-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының “Линкольн Дуглас” дебат клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында пікірталас дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.

Бұл шара Қазақстанның тәуелсіздігі мен оның құндылықтарын тереңірек түсіну және талқылау мақсатында өткізілді. Пікірталас дөңгелек үстелі студенттер үшін білімдерін тереңдетуге, қоғамдағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасуға және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Шара барысында қатысушылар түрлі тақырыптарда пікір білдіріп, Қазақстанның тәуелсіздігі мен оның даму жолдары туралы өз көзқарастарын ортаға салды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz