«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында педагогика және психология кафедрасының аға оқытушы Б.Н.Амангелдиева тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына «Менің күшім-менің ресурсым!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының болашаққа деген жағымды көзқарасын қалыптастырып, ішкі ресурстарын ашу, мақсатқа жетуге мотивация беру.
