«Дене шынықтыру және спорт» ББ білім алушыларына практикалық даярлауды жетілдіру жөніндегі міндеттер кешенін тиімді шешу мақсатында «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының филиалы болып табылатын «Облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» базасында кафедра оқытушылары 2023 жылдың 25-желтоқсанында «Спорттағы іріктеу – элиталық спорттың негізі ретінде» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда п.ғ.к., профессор Мельников В.Л., қауымдастырылған профессор Бакесова Р.М., аға оқытушылар – Медресов Б.А., Мақашев Ш.А., Болатов О.Қ., Бисалиев С.А., магистрант Жасқайратов А.Ж. және студенттер баяндама жасады.. Семинарға қатысушы оқушылар, студенттер және оқытушылар спорттағы іріктеудің негізгі әдістерімен, негізгі кезеңдерімен танысты.

