2023 жылдың 25-ші желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Салалық технологиялар институты Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер департаменті жетекшісі Д.С.Төлекбаевамен студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Салалық технологиялар институтының студенттеріне «ЖАҢА ЖЫЛ-2023» жылды қорытындылау шарасы өткізілді. Шара барысында университет қабырғасында белсенділік танытып, барлық шараларға қатысып жүрген студенттерге құрылтайшының атынан алғыс хатпен марапатталып студенттерге әр түрлі номинацияда лента мен диплом табысталды. Шара кезінде ойындар ойнатылып, ән шырқап, студенттер бір-біріне жаңа жылға деген өз жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсеткен университет құрылтайшысы А.К. Бозымоваға үлкен алғыстарын білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz