2024 жылдың 28-наурызында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының ұйымдастырумен  “Нашақорлық – ғасыр дерті” тақырыбында сала маманымен кездесу өткізілді.

Шараға Облыстық психо-наркология диспансерінің психиатр-нарколог маманы Нурлан Фатихоллаұлы Сатанов, ұйымдастырушы тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті басшысының м.а. А.К. Нурманова және студенттер қатысты.

Кездесуде жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері қозғалып, сондай-ақ Қазақстандағы нашақорлық пен жасөспірімдер қылмысы, кәмелетке толмағандардың есірткіге тәуелділігін қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы айтылды.

Жиын соңында білім алушылар нашақорлық қоғам үшін, болашақ үшін өте қауіпті екендігі туралы толық ақпарат алып, сұрақтар қойып, маманмен пікір алмасты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz