Білім күніне арналған салтанатты жиынды Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашып, студенттер мен ата-аналарға университет әкімшілігімен таныстырылды. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры Шакешев Бекболат Темержанович барша студенттерді білім күнімен құттықтап, «Алтын белгі» иегерлеріне, университет ректорының білім беру грант ұтып алған студенттерге сертификат табыстаса, Салалық технологиялар институтының директоры Билашев Бауыржан Акимжанович Батыс Қазақстан облысы әкімінің білім грантын жеңіп алған студенттерге куәліктер табыстады. Аталмыш іс-шара соңында Жалпы білім беру пәндер кафедрасының профессоры Кадыргалиев Нұрболат Меңдігалиевич студенттерді оқуда белсенді болуға шақырды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz