Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Құқық қорғау қызметі мамандығының 1 курс студенттеріне арналған тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушысы Жансултанова Гульназ Сериковна, 1 курс эдвайзерлері аға оқытушы Кубашев Алимжан Абзалұлы және аға оқытушы Климова Лилия Әділбековна ұйымдастырды.

Тәрбие сағатының тақырыбы — Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы. Кездесу барысында студенттерге 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Ата Заңның мән-маңызы түсіндірілді, оның білім, экономика, құқық, жасанды интеллект және технологиялық даму салаларына тигізетін ықпалы жан-жақты талқыланды.

Тәрбие сағаты соңында студенттер өз ойлары мен сұрақтарын ортаға салды, жаңа Конституцияның маңызды тұстары бойынша пікір алмасты.

Мұндай тәрбие сағаттары студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік маңызы бар мәселелерден хабардар болуына бағытталған.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz