Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «6В07301 – Сәулет» және «6В07302 – Құрылыс» білім беру бағдарламаларының студенттерімен кездесу өтті. Іс-шара Ашық есік күні аясында ұйымдастырылып, болашақ мамандарды мемлекеттік органның қызметімен таныстыруды мақсат етті.
Басқарма қызметкерлері студенттердің сұрақтарына жауап беріп, тәжірибелерімен бөлісті және өңірдің құрылыс саласын дамытуда білікті мамандардың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара басқарма мен оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің сәулет және құрылыс саласындағы болашақ кәсіби қызметі туралы түсініктерін кеңейтті.

