1 желтоқсанда Салалық технологиялар институтының «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараға «Электрэнергетика», «Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша)» және «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын барлық курс студенттері қатысты.
Кездесу барысында студенттерге ВИЧ/ЖИТС-тің алдын алу туралы өзекті ақпарат беріліп, кең таралған мифтерге түсініктеме берілді және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау бойынша ұсыныстар айтылды. Іс-шара интерактивті тапсырмалар мен талқылаулар форматында ұйымдастырылып, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттырды.
Мұндай іс-шараның өткізілуі жастардың денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ВИЧ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған.

