2025 жылғы 28 қарашада «Землемер» ғылыми-зерттеу студенттік үйірмесі аясында «Сәулет және құрылыс» кафедрасында аға оқытушылары Л.Т. Қойбағарова, Г.Ш. Избасова, Д.М. Карабалиннің жетекшілігімен «Жерге орналастырудағы жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында жерге орналастыру саласында жасанды интеллектті қолданудың заманауи бағыттары қарастырылды. Атап айтқанда, кеңістіктік деректерді өңдеуді автоматтандыру, кадастрлық процестерді цифрландыру, геодезиялық өлшеулерді талдау және жер ресурстарындағы өзгерістерді болжау үшін нейрондық желілерді пайдалану мәселелері талқыланды.
Қатысушылар интелектуалдық жүйелерді енгізу арқылы жерге орналастыру мамандарының кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру мәселелеріне, сондай-ақ аумақтарды модельдеуде үлкен деректер мен геоақпараттық технологиялардың болашағына ерекше назар аударды.
Білім алушылар талқылауға белсенді қатысып, жасанды интеллектті оқу және өндірістік міндеттерді шешуде қолдануға бағытталған өз идеялары ұсынды. Дөңгелек үстелдің өткізілуі білім алушылардің ғылыми әлеуетін дамытуға және жерге орналастыру саласында заманауи цифрлық құралдарды қолдану бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

