Шетел тілдері мен аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Джуманиязова Ү.А. 2023-2024 оқу жылының 2 ақпан күні кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары бойынша Бәйтерек ауданы, Камен ЖОББ мектебінде 9, 10, 11-сынып оқушылары арасында түлектерді оқуға тарту бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсатына сәйкес білім алушыларды мамандық таңдауға дұрыс жол көрсету және университетіміздің білім берудегі мүмкіншіліктерін, артықшылықтарын көрсетіп түсіндірді. Алдымен оқушыларға БҚИТУ тарихы туралы слайд көрсетіліп, жарнама материалдар үлестірілді, педагогикалық мамандықтар, мәдениет саласына қатысты мамандықтар туралы айтылып, түсінік берілді.
Біздің университетіміздің артықшылықтары ретінде профессор оқытушылар құрамы, мығым материалдық техникалық базасы, бай кітапхана қоры, сонымен қатар, студенттердің мәдени-демалыс жұмыстарының ұйымдастырылуы, жатақхана және әскери кафедра, атаулы стипендия, студенттерге білім нәтижесіне қарай оқу ақысына берілетін жеңілдіктер туралы ақпарат берілді.

