2024 жылдың 5-ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен «PlastNet» пластмасса жинайтын және өңдейтін кәсіпорындар желісінің хатшылығы қызметін атқаратын «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«The Coca-Cola Foundation» халықаралық қорының қолдауымен пластикті қайта өңдеу және «Иә деп айт!» әлеуметтік бастамасы аясында құрылған «PlastNet» пластмасса жинайтын және өңдейтін кәсіпорындар желісінің жұмыс істеуі аясында ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Ынтымақтастық келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Қазақстанда қайталама шикізатты, оның ішінде пластмассаны жинау және өңдеу үлесін арттыруға жәрдем көрсету;
  • қайталама шикізатты, оның ішінде пластмассаны жинау және өңдеу мәселелерін бірлесіп шешу үшін қажетті шараларды, оның ішінде рұқсат етілмеген орындарға және қалдықтарды бірлесіп жинауға арналған контейнерлерге пластикалық қалдықтардың шығарылуын болдырмау шараларын ынталандыру;
  • қайталама шикізатты, оның ішінде пластмасса қалдықтарын өңдеу саласындағы тұрғындар мәдениетін арттыру;
  • жастардың және оған қатысушылардың осы экологиялық акция туралы хабардарлығын арттыру және университеттің экологиялық жауапты ұйым ретінде әлеуметтік желілерде оң имиджін насихаттау.
ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz