2 ақпан күні университетіміздің қызметкерлері мен білім алушылары үшін маңызды іс-шара Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының құрылтайшысымен, ректорымен, профессорлық-оқытушылар құрамымен және білім алушылармен, құқық кафедрасымен кездесуі өтті. Іс-шара барысында екі ұйымның серіктестігін ресми түрде бекіткен меморандумға қол қойылды.

Кездесу Департамент бастығы полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты Оразалиев Арман Молдияровичтің құттықтау сөзімен басталды. Департамент бастығы білім алушыларға құқықтық тәртіп саласында ынтымақтастыққа деген қызығушылығы мен тілегі үшін алғысын білдірді. Ол жастардың әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, өзін құқық қорғау қызметінің үздігі ретінде танытқан түлектеріміздің табысты жұмыстарынан мысалдар келтірді.

Содан кейін үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, оның барысында департамент өкілдері білім алушыларға ішкі істер органдарында қызмет ету мүмкіндіктері туралы айтып берді. Полицияда жұмыс істеудің артықшылықтары егжей-тегжейлі сипатталды. Департаменттің, ішкі істер органдарының өкілдері, сондай-ақ ұйым ішінде ұсынылатын мансаптық өсу және кәсіби даму мүмкіндіктерінде атап өтті.

Үгіт жұмысын аяқтай отырып, Департамент мүшелері 6В04202 Құқықтану, 6В04203 Көлікті тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды құқықтық реттеу, 6В04207 Сот- прокурорлық қызмет білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға полицияға қызметке кіру олардың болашақ кәсіби мансаптары үшін лайықты таңдау болатынын көрсете отырып, полицияда өндірістік практикадан өтуге жолдамалар табыс етті. Білім алушылардың қоғамға және өз саласының тұрғындарына қызмет етуге деген ұмтылыстарында қолдау тапты.

Кездесу соңында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы университетпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл келісім шарт полиция мен университет арасындағы Болашақ құқық қорғау мамандарын оқыту және қолдау саласындағы серіктестіктің нығаюын білдірді. Меморандум келесі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды көздейді:

– аналитикалық, статистикалық және құқықтық ақпаратпен алмасу;

– бірлесіп жүргізілетін ғылыми зерттеулер бойынша материалдарды жариялау және алмасу;

– симпозиумдар, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, телекөпірлер және т. б. бірлескен ұйымдастыру және өткізу.;

– тағылымдама, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

– оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді бірлесіп әзірлеу;

– университеттің білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау өткізу үшін дәрістердің жекелеген курстарын оқу үшін жоғары білікті мамандарды тарту

– мекеме базасында тәжірибеге бағытталған сабақтар өткізу;

– білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі

Департамент бастығы Арман Молдиярович «Қазақстандық полицияға 30 жыл» мерейтойлық медалін БҚИТУ құрылтайшысы Қазыбай Қарайұлы Бозымовқа – ішкі істер органдарымен белсенді ынтымақтастығы үшін консультативтік-кеңесші органның төрағасы қызметін атқарып жүргені үшін табыстады. Сондай – ақ «Қылмыстық іздестіру қызметіне 105 жыл» медалімен құқық кафедрасының аға оқытушысы заң ғылымдарының кандидаты, ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Т.Х. Рахметов және отставкадағы полиция подполковнигі А.М.Таужанов марапатталды. «Қоғамдық тәртіпті қорғауға 100 жыл» медалімен құқық кафедрасының аға оқытушысы, отставкадағы полиция подполковнигі Е.А.Қарағойшиев марапатталды.

Кездесудің сәтті аяқталуы екі жаққа да жағымды әсер қалдырды. Университет білім алушылары полиция қызметкерлерінің қолдауы мен қызығушылығын сезінді, ал Департамент өкілдері жастардың құқықтық тәртіп саласындағы жұмысқа деген ынтасы мен қызығушылығына тәнті болды. Бұл сәт облысымыздың қауіпсіздігі мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың басталуын білдіреді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz