БҚИТУ құқық кафедрасының 6B04207 Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу, 6B04207 Сот-прокурорлық қызмет, 6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қонақ дәрісі өткізілді.
БҚО заңгерлер палатасының мүшесі, заңгер, кәсіби медиатор Куташева Лунара Кайратовна «Медиация қызметінің ұйымдастырылуы» тақырыбында дәріс оқыды.
Л.К.Куташева студенттерге медиация және келіссөз жүргізу тәртібі, медиация түсінігі мен қағидаттары, шет елдегі медиация тәжірибесі, медиация қолданылатын салалар және жалпы медиацияның соттан айырмашылығы туралы баяндады. Сонымен қатар, ҚР «Медиация туралы» Заңына сай медиация жүргізілмейтін кездер туралы да айтты.
Медиация шартымен жасасқан келісімдер бойынша туындауы мүмкін дауларға да ерекше назар аударылды.
Дәріс барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауап алды.
Кездесу соңында білім алушылар қызықты әрі тәрбиелі сабақ үшін кәсіби медиатор Л.К.Куташеваға алғыстарын білдірді.