2023 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің тапсырысы бойынша Ақтөбе заң институтымен ғылыми зерттеу шеңбері аясында «Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу және ашу тактикасы мен әдістемесі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында осы құрамның қылмыстық құқық бұзушылықтарын ашу және тергеу тактикасы мен әдістемесінің ерекшеліктері туралы бес баяндама тыңдалды, сондай-ақ алдын алу мен қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесінің мысалдары қаралды. БҚИТУ СТИ құқық кафедрасынан з.ғ.к. қауымдастырылған профессор Абдрашит А. және аға оқытушы Таужанов А.М. баяндама жасады. Содан кейін, пікірталастар шеңберінде отандық заңнаманы жетілдіру және осы санаттағы қылмыстарды тергеу кезінде іздестіру қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері қозғалды.

Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін кафедра бастығы полиция полковнигі Н.Т. Саханова сөз сөйлеп, ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, өндіру, сатып алу, өткізу немесе пайдалану проблемалары азаматтардың конституциялық құқықтарына елеулі зиян келтіретінін және қазіргі қоғамның әлеуметтік проблемасы болып табылатынын, демек, қылмыстық құқық бұзушылықтың бұл түріне жауапкершілікті қатаңдату қажеттілігінің туындайтынын қорытындылады. Дөңгелек үстел аясында әзірленген барлық ұсыныстар ғылыми зерттеу нәтижелерінде көрініс табады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz