Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауындағы медиация институттарының дамуы тапсырмасын іске асыру мақсатында, 2022 жылдың 12 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Татуласу орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы жоғары және арнаулы оқу орындарының  студенттері  арасында «Еліміздегі медиация қызметінің жетістіктері мен мәселелері» тақырыбында ДЕБАТ интеллектуалдық сайысы өткізілді. Аталған шараға университетімідің «Тарих және құқық» кафедрасы атынан «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасы бойынша білім алып жүрген 3-курс студенттері, «Элита» командасы мүшелері Б.С.Базарбаев пен Ж.Т.Салыбаев қатысып, медиацияның қазіргі таңдағы жетістіктері мен дамыту тұстарына пікір-талас тудырған еді. Шара соңында, «Элита» тобы ІІ дәрежелі дипломмен және спикер Б.С.Базарбаев «Үздік спикер» медалімен марапатталды. 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz