2022 жылдың 29 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы арасындағы меморандум негізінде «MOBILESСHOOLS» жобасы бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес Батыс  Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Д.Нұрпейісова атындағы орта жалпы білім беретін мектебімен Теректі ауданы Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебі ұстаздары және оқушыларына арналған университет қабырғасында жоба аясындағы бір күндік шара оздырылды.

Шараны педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Марат Қайыржанұлы Ажгалиев ашып, университет тарихы, бүгіні мен келешегі туралы сөз қозғады. Одан соң, келген қонақтарға «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті – болашаққа бастар жол» тақырыбындағы университет туралы бейне фильм көрсетілді.

Алғашқы кездесуде сонымен қатар, университеттің ардагер ұстазы, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рысқаным Сәлімқызы Кинжекова, «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының ІІІ курс студенті, академик Қажым Жұмалиев атындағы шәкіртақы иегері Жұлдыз Төлегенова сөз сөйлеп, қонақтарға жылы лебіздерін арнады. Одан кейін ұстаздар мен оқушылар университет ғимаратын, соның ішінде атаулы кабинеттер мен зертханаларды, кітапхананы және университет жатақханасын аралап тамашалады.

Танысу сәтінен кейін, оқушылар үшін жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Лаура Ұзақбайқызы Жұбаналиева «Математика есептерін шығарудың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы әдістемелік кеңес өткізді. Ал мектеп ұстаздары үшін филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әскен Самұратұлы Мухамбеткалиев және жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Серік Амантайұлы Бисалиев «Проектированиезанятия с помощьютехнологиисмарт» тақырыбындағы әдістемелік семинар өткізді.

                Түсте университет құрылтайшысы, профессор Баян Ғаббасқызы Шинтемированың атынан қонақтарға қонақасы берілді.

Түстен кейін ұстаздар үшін педагогика және психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Айслу Ахмадиқызы Тасимова «Қазақстан Республикасындағы білім беруді модернизациялау және оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында семинар ұйымдастырса, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Әсел Зинелғабитқызы Мамбеталиева бірнеше кәсіби тренингтер өткізді.

Ал оқушылар университеттің волейболдан қыздар командасымен кездесіп, жолдастық ойын өткізіп, тамаша ойын үлгісін көрсетті.

Шара соңында факультет деканы Марат Қайыржанұлы Ажгалиев семинар кеңеске қатысқан ұстаздарға сертификат табыстады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz