2022 жылдың 29 сәуірінде ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен шаралар шеңберінде «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ ұйымдастыруымен ZOOM платформасында онлайн форматта XII республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы 5В011400 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының базалық жоғары оқу орны мекемелерінің Республикалық пәндік олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсыныстарына сәйкес өткізілді.
ҚР жоғары оқу орындарының 5В011400 – «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері арасында өткен олимпиаданың негізгі міндеттері:
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын танымалдандыру;
– Қазақстан тарихы бойынша пәндердің ұстанымын университеттердің базалық курстары арасында күшейту;
– жаңа геосаяси ахуал жағдайында Қазақстан тарихын, дүниежүзі тарихын зерделеуге деген қызығушылықты арттыру және танымалдандыру;
– дарынды жастарды қолдау, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету;
– ғылыми-педагогикалық әрекетке деген қызығушылықтарын ынталандыру.
Ұйымдастыру комитеті олимпиаданың барлық конкурстарын бағалау үшін 7 мүшеден тұратын қазылар алқасын құрады.
Қазылар алқасын ұйымдастыру комитеті сайлаған Олимпиада алқасының Төрағасы:
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы басқарды.
Олимпиада жұмысына әділ қазылық еткен:
Байдалы Рауан Жомартұлы – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор;
Исенов Өтеген Ихсанұлы- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты;
Бекмагамбетова Майсара Жаугаштиновна – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты;
Балгабаева Ғаухар Зкрияновна – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты;
Ярочкина Елизавета Викторовна – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты;
Келінбердиева Ырсалды Сиелханқызы- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп- интернаты» КММ директоры, тарих пәні мұғалімі,педагог зерттеуші.
Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінен «Батыс қырандары» тобы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Павлодар педагогикалық университеті, «Сырдария» университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Абай Мырзахметов Атындағы Көкшетау университеті, Шәкәрім атындағы Семей университеті командалары қатысты. Олимпиада үш кезеңнен топтық және жеке жарыстар бойынша өткізілді. Жұмыс тілдері: қазақ және орыс.
Олимпиаданың бірінші кезеңінде қатысушы командалар таныстырылымы қабылданды (сәлемдесу). Оның мазмұнына: қатысушылардың ұстанымдарын көрсететін топтың атауы мен ұранын, кәсіби көзқарастарын, өлкесінің тарихи қазынасын, университетінің, факулътетінің жетістіктері мен ғылыми мектебін презентациялары көрсетілді.
Олимпиаданың екінші кезеңі «Зияткерлік» деп аталып, 2 кезеңнен тұрды:
«Капитандар конкурсы», «Өңірлерден шыққан белгісіз Алаш қайраткерлері» бойынша шығармашылық эстафета. Бұл эстафетаның мақсаты өңірлерден шыққан белгісіз Алаш қайраткерлерін дәріптеу болып табылады. Байқаудың осы кезеңінде қатысушылар өз аймағының белгісіз Алаш қайраткерлеріне арналған буклет, инфографика, видеоролик көрсетілді.
Олимпиаданың үшінші кезеңі үй тапсырмасына берілген «А.Байтұрсынов мұрасы және бүгінгі қоғамның өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми жобалар конкурсы болып табылады. Конкурстың негізгі мақсаты – студент жастардың шығармашылық белсенділігін дамыту мен анықтау, шығармашыл әрі талантты студенттерді анықтау үшін ғылыми жобаларды даярлатуға және жүзеге асыруға белсенді тұрғыда қатыстыру мақсатында берілді.
Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетінің «Батыс қырандары» тобы жүлделі 3-орынға ие болды. Сондай-ақ, ұйымдастырушы комитет пен әділ-қазылар алқасының ерекше көзіне түсіп, олимпиадаға келген шебер дайындықтары мен жауапкершіліктері, командалық жұмыстары үшін зор ықыласқа иеленді. Команда құрамы: «Батыс қырандары» тобы- Тарих білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Уалиев Т.Т.(команда капитаны), Айғазиев М.К., 1-курс студенттері- Мутиголлин Б.М., Саясатов Ж.Н.
Мәресіне таяған Республикалық студенттік олимпиаданың қорытынды сөзі әділ-қазылар алқасының төрағасы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Күзембайұлына беріліп, олимпиадаға қатысушылардың барлық үш кезең бойынша тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайлары негізінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтап, олимпиаданың түпкілікті нәтижелері айтылып, жүлделер мен сыйлықтар табысталып, марапатталды.
5В011400 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының базалық жоғары оқу орны мекемелерінің XII Республикалық пәндік олимпиадасын жоғарғы деңгейде ұйымдастырған «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ ұжымына, әділ-қазылар алқасы мен ұйымдастырушы комитет, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлына үлкен алғысымызды білдіреміз! Оқ бойы оза шауып, білім бәйгесінде үздіктердің бірі болған жеңімпаз топтарды жеңістерімен, барша қатысушыларды жоғарғы дәреже көрсеткені үшін құттықтаймыз!
