2026 жылғы 16 қазанда «Ветеринария және тамақ өнімдерінің технологиялары» кафедрасында «Ветеринария» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері, аграрлық инновациялық-технологиялық парктің аға ғылыми қызметкері, PhD Давлетова Айнұр Маликовнамен кездесті.
Кездесу аясында “Генетика – өткен, қазіргі, болашақ”тақырыбында дәріс өткізілді. Қатысушылар ғылым дамуының негізгі кезеңдерімен, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулердің заманауи жетістіктерімен және перспективаларымен танысты.
Іс-шара барысында білікті ветеринарлық мамандарды даярлаудағы ғылыми зерттеулердің рөліне ерекше назар аударылды. Студенттер өз білімдерін кеңейтуге, ғылыми қызметкерлердің қызметі және ветеринариялық практиканың өзекті мәселелерін шешудегі ғылыми тәсілдің маңызы туралы білуге мүмкіндік алды.
Кездесу кәсіби қарым-қатынас пен білім алмасу алаңына айналды, білім беру процесі арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті



