2026 жылғы 19 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында Ветеринария және тағам өнімдерінің технологиялары кафедрасының білім алушыларына экологиялық тәрбие беру мақсатында табиғат және экология музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Музей меңгерушісі Айгүл Өмірғалиқызы білім алушыларға музей экспозицияларына қысқаша шолу жасап, табиғат әлемі мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы мәлімет берді.

Экскурсия барысында білім алушылар табиғи байлықтарды сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелерімен танысты. Іс-шара жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz