2026 жылғы 12-16 қазан аралығында БҚИТУ СТИ кафедраларының профессор-оқытушылар құрамына арналған Педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Зерттеушілерге арналған ғылымиметрия: дереккөздерді іздеуден жарияланымға дейін» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Іс-шараны Ақпараттық білім беру ресурстары орталығы мен Ғылым және халықаралық  қатынастар басқармасы ұйымдастырды.

Семинар барысында халықаралық ғылыми деректер базаларымен жұмыс істеу, ғылыми дереккөздерді іздеу және іріктеу, ғылыми қызметтің нәтижелілігін бағалауда наукометриялық көрсеткіштерді пайдалану мәселелері қарастырылды. Зерттеушілердің ғылыми өнімділігі мен дәйексөз алу деңгейін бағалау көрсеткіштерінің бірі ретінде Хирш индексін  есептеу және оны Scopus пен Web of Science халықаралық деректер базаларынан анықтау тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда мақалаларды дайындау мен жариялаудың негізгі талаптарымен, тиісті журналды таңдау критерийлерімен, сондай-ақ ғылыми нәтижелердің қолжетімділігі мен танымалдығын арттыру мақсатында ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерімен танысты.

Мұндай іс-шараларды өткізу ПОҚ кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, Салалық технологиялар институтының ғылыми әлеуетін дамытуға және университеттің жарияланымдық нәтижелілігін арттыруға ықпал етеді.

Семинар тәжірибе алмасу және ғылыми жарияланымды дайындаудың барлық кезеңдерінде – ғылыми әдебиеттерді іздеуден бастап журналды таңдауға және зерттеу нәтижелерін ұсынуға дейін – қазіргі зерттеушіге қажетті практикалық құралдарды талқылау алаңына айналды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz