Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының магистранттары мен студенттерінен құралған «Happy friends» командасы «Start UP Zhastar» бизнес-жоба байқауына белсенді қатысып, өздерінің «Animal Care Hub Startup Veterinary Clinic» атты ауқымды жобасын таныстырды. Әрбір үй жануарына кәсіби қамқорлық пен көңіл бөлетін орын құру арманынан бастаған біздің магистранттар мен студенттер өз идеяларын қазылар алқасы мен көптеген көрермендерге жеткізу үшін көптеген қиындықтарды жеңді.
Олар жобаны таныстырып қана қоймай, нарықты терең зерделеуге, бәсекелестерге талдау жүргізуге, жылжыту стратегиясын әзірлеуге және барлық қажетті қаржылық есептерді дайындауға күш жинады.
Олар өздерінің табандылығының, дарындылығының, алғырлығының арқасында ақтық сынға шығып, «Жобаны сауатты танытқан үздіктер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Ұжымымыз, магистрант Сайлауғазы Жандосты және студенттеріміз Кочеткова Александра, Масильевич Дария және Қарагулов Расул осы лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Бұл олардың табысқа апаратын қызықты сапарының басы ғана және біз олардың кәсіпкерлік талпыныстарында бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенеміз.