2024 жылдың 12 наурызында «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» ББ білім алушыларына «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-де аға оқытушы Г.Р. Курмашева және кәсіпорынның еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инспекторы Е.К. Масалимов «Орал трансформатор зауытының цехтарында жұмыс істеу кезіндегі тәуекелдер және қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында тәжірибеге бағытталған сабақ өткізді.

Сабақ кіріспе инструктаж өткізумен басталып, жұмыс орнындағы қауіптер: электр кернеуі, құрылғылардың қозғалмалы механизмдері, өндірістік жарақаттар, дәнекерлеу кезіндегі қауіптер т.б. және олардан қорғану үшін міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарын қолдану қажеттілігі айтылды. Содан кейін білім алушылар жаңа панельді-радиаторлы цехтың жұмысымен танысты, ондағы қауіптер талданды.

Өткізілген сабақ білім алушылардың кәсіби білімін кеңейтуге, таңдалған мамандыққа қызығушылықты арттыруға, кәсіби қасиеттерін дамытуға ықпал етті.

«Орал трансформатор зауыты» ЖШС басшылығына, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөліміне алғысымызды білдіреміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz