2025 жылдың 28-сәуірінде шет тілдері және аударма ісі кафедрасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Ұлы Отан соғысы батыры, Кеңес Одағының қолбасшысы Бауыржан Момышұлы туғанына 115 жыл толуына орай «Батыр есімі – ел есінде» тақырыбындағы ашық сабақ өткізілді. Іс-шара студенттердің бойында патриоттық сезім мен тарихи өткенге құрмет сезімін қалыптастыруға, сонымен қатар олардың тілдік және мәдени құзыреттілігін дамытуға бағытталды. Сабақ барысында студенттер Бауыржан Момышұлының өмірі мен жауынгерлік жолы туралы баяндамалар жасап, шығармаларынан үзінділер оқып, батыр ерлігінің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы туралы ой бөлісті.

