2024 жылдың 13 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай «Қаржы және экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға кафедра оқытушылары, «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономика», «МЖБ», «Менеджмент» ББ студенттері, магистранттар, Жоғары инженерлік-технологиялық колледждің Менеджмент жүйесі бөлімінің меңгерушісі А.Е. Абдрахманова, оқытушы А.К. Такесова және «Есеп және аудит» мамандығының III курс студенттері қатысты. Кафедра меңгерушісінің орынбасары, э.ғ.м. Ш.Д. Салимбаева құттықтау сөз сөйлеп,  бұл мереке еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын бейнелейтінін атап өтті.

Іс-шара аясында кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., қауым.проф. Г.К. Курманова, э. ғ. м., аға оқытушы Д.С. Тогашеваның  ұйымдастыруымен «Нарық» іскерлік ойыны өткізілді. Іскерлік ойынның мақсаты – студенттердің классикалық кәсіпкерлік саласындағы әлеуетін белсендіру. Студенттер – болашақ түлектер, ұйымдастырылған іскерлік ойыннан жақсы әсер алып, кафедрада іске асырылатын жоғары мектептің білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz