2024 жылдың 13 қараша күні «Қаржы және экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенттеріне ашық есік күні өткізілді. Шара барысында колледж студенттеріне кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат берілді. Келген қонақтарға арнайы кабинеттерде танымдылық таныстыру семинары жүргізілді. Кездесудің соңында колледж түлектеріне институттың ғимараты бойынша экскурсия өткізілді.


