2024 ж. 13 қарашада «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасында «Виртуалды білім беру жүйелерін қолдану» тақырыбында мастер-класс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды виртуалды білім беру жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерімен және оқу процесінде қолданылуымен таныстыру, сондай-ақ біліктілікті арттыру және ұйымдастыру үшін виртуалды білім беру жүйелерін тиімді пайдаланудың практикалық дағдыларын дамыту.
Мастер класқа Орал қаласындағы Оқушылар сарайының робототехника бөлімі басшысы Қырықбаев Нұрбол Мұсаұлы, №23 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Мергенбаева Айсұлу Халыковна, М.Өтемісов атындағы БҚУ магистранты Нұржанова Айнұр Қабылқызы, университет оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Шарада виртуалды білім беру жүйелерінің ерекшеліктері, жобалық оқыту тәсілдерінде виртуалды платформаларды пайдалану мүмкіндіктері, FutureLearn платформасының артықшылықтары мен осы платформаны оқу үдерісінде пайдалану жолдары, BilimLand платформасының мектептегі информатика пәнін оқытуда қолдану әдістері бағытында талқыланды.
Мастер-класстың қорытындысында қатысушылар әр тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, оқу үдерісінде виртуалды және интерактивті платформаларды тиімді қолдану тәжірибесімен алмасты. Қатысушылар білім беру платформаларының оқушылардың дербес және топтық дағдыларын дамытудағы маңыздылығын ерекше атап өтті. Университет оқытушылары мен студенттері аталмыш платформаларды өз тәжірибесінде қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.

