2023 жылы 07 қарашада сапа апталығы аясында БҚО полиция департаментінің бас криминалисті, полиция подполковнигі А. М. Малаев 2-4 курс «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері мен №21 ЖОББМ оқушылары үшін, криминалистика пәні бойынша, «Оқиға орнын тексеру әдістемесі» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Қатысушыларға оқиға орнын тексеруді тіркеудің техникалық құралдары көрсетілді, үлгілерді алу тәртібі, сондай-ақ хаттамада шұғыл тергеу әрекеттерін көрсету тәртібі айтылды. Ашық сабақтың негізгі бөлігінің соңында оқушылармен аға оқытушы Ж. М. Жайлыбаева, аға оқытушы А. А. Кубашев және аға оқытушы Р. С. Ислямов кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz