2023 жылдың 8-қараша күні «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушылары Ш.Д.Салимбаева мен Г.М. Жиенбаева «Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ мамандарымен бірлесіп, «Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу» тақырыбында «Есеп және аудит», «Қаржы» ББ бойынша білім алушыларға шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Сабақта камералдық бақылау бөлімінің басшысы Л.Б. Кульбабаева және жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Г.Г. Кайркенова электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру туралы қағидалармен таныстырып, ақпараттық жүйеде тіркеу барысымен, тұтынушыларды бұғаттау журналы бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы туралы мәліметтер қарастырылды. Білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

