2023 жылдың 5 – 10 қараша аралығында Түркістан қаласында Жарыс «Olympic center» спорт кешені мен Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында II Түрік Универсиадасы өтті. Ойын бағдарламасына волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі кірді.
Түркі Универсиадасын өткізудің мақсаты студенттер арасындағы спорттық жарыстар арқылы Түркі елдері арасындағы жан-жақты ынтымақтастыққа шақыру болып табылады.
ІІ түркі Универсиадасына Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Венгриядан барлығы 450-ге жуық спортшы қатысты.
Аталмыш жарысқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, салалық технологиялар институтының 6В09103 – Ветеринария білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушысы Ерболатұлы Ерсұлтан еркін күрестен 92 кг. салмақ бойынша қатысып, жүлделі III орын (қола медаль) иеленді. Ерсұлтанның жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі табыс пен сәттілік тілейміз!


