15 қараша 2024 жылы кітапхананың оқу залында «Сапа апталығы-2024» аясында кітапханалардың жетекші мамандарының  қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – білімалушыларды қазіргі кезеңдегі кітапханалық ақпараттық қызметтің өзекті мәселелерімен таныстыру. Орал қаласындағы кітапханалар өкілдері Сатыбалдиева Л. Б. – Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы, Даулеткалиева А. Қ. – Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы қызмет көрсету бөлімінің бөлім басшысы және  Быков С. С.  Доскалиева А.К.  Мухамеджанова Ж.Т. Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының жетекші мамандары кітапхана жұмысындағы заманауи трендтерді атап өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz