2022 жылғы 5 қазанда БҚИТУ инженерлік – гуманитарлық факультетінің құқық кафедрасының аға оқытушысы Бисембаев Б.И. БҚО Сот сараптамалары институтында практикалық сабақ өткізді.

6В04202-Құқықтану, 6В04203- Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті  пайдалануды құқықтық реттеу білім беру бағдарламаларының студенттері жалпы сараптама бөлімшесінің жұмысымен танысты, БҚО Сот сараптамалары институтының сот-гистологиялық, медициналық-криминалистикалық, химиялық-токсикологиялық және сот – биологиялық бөлімшелерінің жұмысы туралы толық ақпарат алды.

Білім алушылар институтта жүргізілетін сот-сараптамалық зерттеулердің көптеген түрлерімен танысты:құжаттарды, қолжазбаны және қолтаңбаларды, фонографияны; есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды зерттеу; жол – көлік оқиғаларының мән-жайларын зерттеудің әртүрлі түрлері; ғимараттар мен құрылыстарды, тауарлардың әртүрлі түрлерін зерттеу және т.б. сондай-ақ болашақ заңгерлер секциялық залда мәйітті зерттеу кезінде қатысты.

Құқық кафедрасы студенттермен тәжірибеге бағытталған сабақтарды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр. Мұндай сабақтар мотивацияны арттырады, болашақ мамандығы бойынша білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz