Құрамында БҚИТУ-дың ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Раушан Ғабдуалиева, ғылыми-зерттеу және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Вера Бурахта, педагогика, тілдер және менеджмент факультеттерінің академиялық қызмет департаментінің басшысы Самал Машанова, доцент Виктор Захаров бар делегация Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінде болып, ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында келіссөз жүргізді.
Басқосуда бірлескен білім беру, студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық ұтқырлық, ғылыми кадрларды даярлау, мұғалімдерге арналған үздіксіз білім беру бағдарламаларын қабылдау жайы сөз болды. Магистранттарға ғылыми тағылымдамадан өтуді, педагогикалық, экономикалық және техникалық салаларда бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері талқыланды.
Айта кетейік, бұл жиыннан бөлек Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің делегациясы Самара мемлекеттік техникалық университетінде өткен «Болашақ қалалар» халықаралық сәулет-құрылыс инновациялар форумына қатысты.


