2019 жылдың 21 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің Гуманитарлық заңтану факультетінде Тұнғыш Президент күніне арналған  «Ұлт болашағы-біздің қолымызда!«Брейн Ринг» интеллектуалдық ойыны өтті.

Шараның басты мақсаты: жастардың ойлау қабілетін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, қоғамдық жұмыстарға араласуға белсендіктерін арттыру.

«Брейн-Ринг»-бұл Не? Қайда? Қашан?ойынының шағын концепциясы болып табылады. Жалпы ойынға 4 команда қатысты «Әділет», «Алаш» «SmartJastar», «Qazaq». Әрбір команда студенттері ойынның шарттарына қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Ойын ережесі бойынша командадағы 4 ойыншы өздерінің ойлау қабілетіне қарай қойылған сұрақтарға 20 секунд ішінде ойланып, дұрыс жауабын табу қажет. Жалпы  ойын барысында барлығы 90 сұрақ қойылды. Кейбір сұрақтар команда ойыншылары үшін жеңіл болса, кейбір сұрақтар күрделі болып шешімін жобалап болса  таппады.

Ойын нәтижесі бойынша Бас жүлдені (Гуманитарлық-заңтану факультетінің студенттерінен құралған «Smart» командасы жеңіп алды. 1-орынды (Инженерлік-технологиялық факультетінің) «Интеллект» командасы  женіп алды. 2-орынды (Педагогикалық факультетінің) намысын қорғаған «Заңгер» командасы иеленді ал 3-орынды (Тілдер және менеджмент факультетінің) атынан бақ сынаған «Евразия» командасы,  ойынға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Жалпы ойын жоғары деңгейде өтті. Студенттер жоғары қызығушылық танытып,  белсенділік көрсетті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz