2023 жылдың 1 ақпанында «Энергетика, Автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының ПОҚ шақыруымен университетте 6В07102 «Электроэнергетика», 6В07105 «Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша)» ББ 1, 2, 3 курс білім алушылары және кафедра оқытушылары «КазЭнергоЭкспертиза» ЖШС сарапшысы Маркин Павел Александровичпен кездесті.

Сарапшы Батыс Қазақстан облысындағы энергия аудиторларының жұмысы туралы айтып берді. Барлық мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындар әр 5 жыл сайын энергетикалық төлқұжат алу үшін міндетті түрде тексеріледі.

Студенттер Павел Александровичтің оқуы, алғашқы тәжірибесі, жылу электр станциясының жұмысы туралы әңгімелерін қызығушылықпен тыңдады. Сарапшының аудиториямен диалогы өтті. Білім алушылар қызықты сұрақтар қойды, П.А.Маркиннің қойған сұрақтарына да білім алушылар лайықты жауап берді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz