28 маусымда Еуропалық қолданбалы ғылымдар және менеджмент институтының әлеуметтік ғылымдар факультетінде (Прага, Чехия) МВА PhD философия докторы Виктор Корчектін жетекшілігімен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Есеп және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экология магистрі Абекешев Аянбек Иманбайұлының PhD докторы дәрежесін алу үшін «Туризм» мамандығы бойынша «Әр түрлі ұрпақтардың саяхат әдеттері» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады.
Университет ұжымы аға оқытушы, экология магистрі Абекешев Аянбек Иманбайұлын қонақ үй менеджменті, туризм және іс-шараларды ұйымдастыру саласындағы PhD доктор академикалық дәрежесін алумен құттықтайды.
Алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен ғылыми еңбекте, білімде биік белестерді бағындыруыңызға тілектеспіз!