2021 жылдың 11 наурыз күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялар университетінің Педагогикалық факультетінде «Профессор Қожахметова Клара Жантөреқызы атындағы этнопедагогика кабинеті» «Әдістемелік кабинет», «Мектепке дейінгі білім беру технологиялар кабинеті» ашылды.

         Аталмыш шараға облыстық және қалалық білім басқармасының өкілдері, мектеп пен балабақша басшылары, университеттің профессор-оқытушы құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

 

«Профессор Қожахметова Клара Жантөреқызы атындағы этнопедагогика кабинеті»

   Клара Жантөреқызының атындағы этнопедагогика кабинетінің студенттер мен магистранттар үшін танымдық, тәрбиелік маңызы өте зор. Кабинетте  ғалымның өмірлік кредосын айқындайтын «Ұлтымның тәрбиесін тұттым мұра» деген үш стенд жасақталған. Бірінші стендте профессор К.Қожахметованың қысқаша өмірбаяны, екінші стендте қалыптастырған ғылыми мектебінің зерттеу бағыттары, үшінші стендте «Ғылыммен өрнектелген ғұмыр» деген атпен профессордың ғылыми қызметінен ақпарат беретін фото сурет көрмесі берілген.

    Кабинетте ғалымның этнопедагогика саласы бойынша қалдырған мол мұрасын жас ғалымдарға насихаттау қызметіне де ерекше көңіл бөлінген. Осы мақсатта профессор К.Ж.Қожахметованың монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары мен әдіснамалық еңбектері сонымен қатар ғылым жолындағы шәкірттерінің де еңбектері шағын кітапханалық қор ретінде берілген.

«Әдістемелік кабинет»

   Бұл кабинет оқыту әдістемесі сабақтарынан дәрістер, студенттердің өзіндік жұмыстары, оқытушының студентпен өзіндік жұмыстары, әдістемелік семинарлар, әдістемелік байқаулар, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастыруға арнайы жабдықталған. Сондай ақ сабақтан тыс уақытта әдістемеші оқытушылардан студенттердің кеңес алу мүмкіндігі де қарастырылған. Кабинет қазіргі таңдағы жаңартылған білім бағдарламасын терең меңгерту  бағытында жасақталды. Қабырға стендтері жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері туралы мәліметтермен безендірілген. Білім алушылар қазіргі таңдағы жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктерін, артықшылықтарын есте сақтап жүруі үшін қысқа да нақты мәліметтер талғаммен берілген.

   Кабинетте жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісі қосулы. Аудиторияда орналасқан үстелдер интербелсенді оқыту технологиясы бойынша орналасқан. Білім алушылардың топтық, жұптық жұмыс жасауларына өте ыңғайлы.

 

«Мектепке дейінгі білім беру технологиялар кабинеті»

   «Мектепке дейінгі білім беру технологиялар кабинетінің» мақсаты – педагогтардың кәсіби құзыреттілікті дамытуға және олардың кәсіби өзін-өзі жетілдіруге әдістемелік көмек көрсету,  ғылыми-әдістемелік, инновациялық жұмыстарды үйлестіру.

Міндеттері:

  1. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасымен жұмыс істейтін оқытушылардың қызметін әдістемелік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
  2. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша оқытылатын пәндердің сапасын жақсарту мақсатында әдістемелік көмек көрсету;
  3. Студенттерге тәрбие-білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
  4. Студенттер және магистранттармен бірлесіп, олардың педагогикалық шеберліктерін дамытуға бағытталған шараларды, семинарлар, ғылыми конференциялар,тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу.
  5. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновацияларды зерделеу, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу.
  6. Болашақ жас мамандарға тәлімгерлік көмек ұйымдастыру, олардың маман болып қалыптасуына ықпал ету.

«Мектепке дейінгі білім беру технологиялар кабинеті» үш зонаға бөлінген.

  1. Әдістемелік құралдарға арналған зона
  2. оқу зонасы (ұжымдық жұмыстарды жасау зонасы)
  3. ойын зонасы

Қожахметова Клара Жантөреқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

 

 

 

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz