2021 жылдың 11 наурызында Батыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының жоспары бойынша университетіміздің студенттерімен онлайн форматта кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының дін ұстанушы студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу кешінің модераторық қызметін гуманитарлық –заңтану факультеті тәрбие ісі жөніндегі деканының орынбасары Нұғыманова Ш.Е атқарды.
Шараға университетіміздің төрт факультетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Студенттер теологқа көптеген сұрақтар қойып, белсенділік танытты.

